Тамыз айында Силва сотта өзінің кінәсіз екенін мәлімдеген болатын. Ассошиэйтед Пресс сот құжаттарына сілтеме жасай отырып хабарлағандай, Американың Массачусетс штатында Кембридж қаласының 21 жастағы тұрғыны жұма күні өтетін сот отырысында өз кінәсін мойындайды деп күтілуде. Силваның қорғаушысы әзірге бұл ақпаратқа байланысты түсініктеме берген жоқ. Силва өшірілген тіркеу нөмірі бар тапаншаны иесі ретінде айыпталуда. Сонымен бірге оған героин таратты деген жеті факті бойынша айыптар тағылған. Ол барлық айыптауларды жоққа шығарды, бірақ өзінің қамауға алынуын даулау құқығын пайдаланбады. Силваның Ruger R95 тапаншасының үлгісі Бостондағы полиция қызметкері өлтірілген қарумен сәйкес келеді. Айыптау оның тапаншаға 2013 жылдың ақпанында иелік еткенін көрсетіп отыр. Силваның Царнаевпен бір сыныпта оқығаны да белгілі. Ал оның егіз ағасы Царнаевтың жақын досы болған. Бостондағы лаңкестік 2013 жылдың 15 сәуірінде болды. Екі жарылыс салдарынан үш адам қаза болды, 260-тан астамы жарақаттанды. Лаңкестікке қатысы бар деп ағайынды Царнаевтар күдіктелуде. Олардың үлкені - Тамерлан полициямен болған атыс кезінде өлтірілді. Джохар арнайы шара операция барысында қмауға алынып, оған 30 пункт бойынша айыптар тағылды, олардың 17-сі бойынша ол өлім жазасына кесілуі мүмкін.
14:52, 17 Желтоқсан 2014
Царнаевтың досы өз кінәсін мойындауы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қару мен есірткі сақтады деп айыпталған, Бостондағы лаңкестікті ұйымдастырды деп күдіктелген Джохар Царнаевтың жақын досы Стивен Силва сотта өз кінәсін мойындамақ.