Cәуір айында кәсіпорындардың іскерлік белсенділігі жоғары болды

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Статистика агенттігінің сауалнамасымен сұралған кәсіпорындар сәуір айында өздерінің іскерлік белсенділігі жоғары болғанын көрсеткен.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары ағымдағы жылдың сәуірінде өткен аймен салыстырғанда дайын өнiмге сұраныстың өсуін және өнеркәсіп көлемінің елеулі азаюын атап өттi, бұл олардың іскерлік белсенділігінің өсуін айғақтайды. Іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен аймен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа өсіп, ( 15) пайызды құрады», - делінген агенттіктің таратқан мәліметінде.

Бұдан бөлек, сауалнамаға қатысқан өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша жақын келешекте 2011 жылғы шілдеге дейiн iскерлiк белсендiлiктің өсуі күтіледі. 2011 жылғы сәуірде өткен аймен салыстырғанда тұтынушылық сұраныстың кемуі, сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша, олардың іскерлік белсенділігінің төмендеуіне себеп болды. Бұл ретте кәсіпкерліктің сенімділік индексі 7 пайыздық тармаққа кеміп, ( 5) пайызды құрады. Сауда кәсіпорындары басшыларының болжамды бағалауы бойынша 2011 жылғы шілдеге дейiн iскерлiк белсендiлiкке байланысты елеулі өзгерістер күтілмейді.