Целиноград ауданында көп функционалды спорт алаңы пайдалануға берілді-Ақмола облысы

Фото: None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат- Ақмола облысының Целиноград ауданында көп функционалды спорт алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Ақмол ауылында ашылған нысан Мемлекет басшының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр.

 

Аталмыш спорт алаңының құрылысына «Samruk - Kazina Trust» КҚ бас директоры Ерлан Даримов, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко демеушілік көмек көрсеткен.

 

Нысанның ашылу салтанатына аймақ басшысы Мəлік Мырзалин, «Samruk - Kazyna Trust» КҚ бас директоры Ерлан Даримов, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко мен депутат Дархан Қалыбаев, аудан басшылығы мен тұрғындары қатысты. Спорт алаңының ашылуы ақмолалықтар үшін айтулы оқиға болды. Ақмола жастары енді бос уақыттарында осы жерде спортпен шұғылдана алады.

 

«Жастар еліміздің келешегі! Сондықтан, мемлекет тарапынан жастардың дені сау болып өсіп, тəрбиленуі үшін барлық жағдай жасалынуда», деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар