Целиноград ауданында жаппай су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Целиноград ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу, елді мекендерді қарғын судан қорғау бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар епартаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өткен тәулікте аудан бойынша 12247 текше метр су сорылып, 2500 метр арықтар мен су бұру арналары қардан тазартылды, сондай-ақ, 4,85 текше метр қар шығарылды. Бұл жұмыстарға барлығы 18 адам, бір бірлік техника және 8 бірлік мотопомпа жұмылдырылды.

Еске сала кетейік, кеше Ақмола облыстық ТЖД қызметкерлері мен техникасы Целиноград ауданында шұғыл апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жіберілді. Оның құрамында 66 адам, 16 техника және 10 мотопомпа бар.