Целиноград ауданында жол құрылысына бөлінген 1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының арнайы прокурорлары мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен Ақмола облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары лауазымында бұрын істеген тұлғаны ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Сот санкциясымен ол күзетпен ұстауға алынды.
Ол жол салуға бөлінген бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқыру фактісіне қатысы бар деген күдікке ілініп отыр. Атап айтқанда, нақты жұмыстарды орындамай, бюджеттен 1 млрд 244 млн теңге алған.

Осы факт бойынша ҚК 189 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен (аса ірі көлемде жысқыру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Осындай қылмыс жасағаны үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.