«Цесна» сауда үйін тонап, 3,5 млн. теңге ұрлағандар ұсталды

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - «Цесна» сауда үйін тонаған Өскемен қаласының екі тұрғыны ұсталды. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Қуанышбек Жұманов мәлім етті.

Оның хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері 23-30 жас аралығындағы екі жергілікті тұрғынды ұстады. Олар өткен жылдың желтоқсан айында Өскемен қаласындағы «Цесна» сауда үйіне баса-көктеп кіріп, 63 жастағы күзетшіні қорқыту арқылы 3,5 млн. теңге ұрлап кеткен. «Қазіргі кезде күдіктілерден ұрланған ақшаның бір бөлігі және газды тапанша тәркіленіп отыр. Олардың осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталуда», - деп атап көрсетті Қ.Жұманов.