«2018 жылдың 14 наурызынан бастап «Банк ЦентрКредит» АҚ мен «Цеснабанк» АҚ үлестес және байланысты тұлғалар болып табылмайды. Банктің жай акцияларының 29,56%-ын құрайтын «Цеснабанк» АҚ-ға тиесілі болған жай акциялардың барлық пакеті «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның ірі қатысушылары Байсейітов Бақытбек Рымбекұлына, Ли Владислав Сединовичке және жеке тұлғалар (миноритарлы акционерлер) тобына сатылды», - делінген хабарламада.
Банк басқармасының төрағасы Ғалым Хусайыновтың хабарлауынша, жасалған мәміле бойынша Бақытбек Байсейітовтің үлесі банктің жай акцияларының 48,07%-ын, Владислав Лидікі - 10,05%-ын құраған.