Цеснабанкпен жасалған мәміле қаржылық секторға әсер етпейді - БЦК

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Банк ЦентрКредит» АҚ кореялық Kookmin Bank-тің БЦК-дегі үлесін сатуға ниеттілігі және «Цеснабанк» АҚ бірігу жөніндегі келіссөздерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Әзірге Цеснабанк Kookmin Bank үлесін сатып алған жоқ. Акционерлерінің ауысу процесі 2017 жылы сәуірдің екінші жартысында толық аяқталады деп болжануда. Аталған мәміле қаржылық нарыққа аса ықпал ете қоймайды деген ойдамыз», - делінген ҚазАқпараттың ресми сауалына берілген жауапта.

Еске сала кетсек, корейлік банк 2008 жылы қазақстандық банктің 23% үлесін сатып алған, 2010 жылы Kookmin өз үлесін 42% дейін жеткізді. Бұл ретте 30% - қарапайым, 10% - артықшылығы бар акциялар.

Бүгінде БанкЦентрКредиттегі Kookmin Bank үлесі 41,9 пайызды құрайды. Кореялық БАҚ-тың хабарлауынша, бұл үлес  939,2 млрд вонға сатып алынған.

БЦК-ның тағы бір акционері -International  finance corporation өзіне тиесілі банктің 10-пайыздық үлесін Бақытбек Рымбекұлы Байсейітовке сатты. Мәміле 15 наурызда жасалды. Өзгерістер нәтижесінде Бақытбек Рымбекұлы Байсейітовтің үлесі дауыс беретін акциялардың жалпы санының 44,5% құрады.