«Әзірге Цеснабанк Kookmin Bank үлесін сатып алған жоқ. Акционерлерінің ауысу процесі 2017 жылы сәуірдің екінші жартысында толық аяқталады деп болжануда. Аталған мәміле қаржылық нарыққа аса ықпал ете қоймайды деген ойдамыз», - делінген ҚазАқпараттың ресми сауалына берілген жауапта.
Еске сала кетсек, корейлік банк 2008 жылы қазақстандық банктің 23% үлесін сатып алған, 2010 жылы Kookmin өз үлесін 42% дейін жеткізді. Бұл ретте 30% - қарапайым, 10% - артықшылығы бар акциялар.
Бүгінде БанкЦентрКредиттегі Kookmin Bank үлесі 41,9 пайызды құрайды. Кореялық БАҚ-тың хабарлауынша, бұл үлес 939,2 млрд вонға сатып алынған.
БЦК-ның тағы бір акционері -International finance corporation өзіне тиесілі банктің 10-пайыздық үлесін Бақытбек Рымбекұлы Байсейітовке сатты. Мәміле 15 наурызда жасалды. Өзгерістер нәтижесінде Бақытбек Рымбекұлы Байсейітовтің үлесі дауыс беретін акциялардың жалпы санының 44,5% құрады.