Геннадий Паршин жаттықтыратын ұлттық құрама Қытай құрамасына 0:3 және сол елдің «Henan Tianguan» командасына 2:3боп ұтылып, Үндістан құрамасынан ғана 3:2 есебімен басым түсті. Барлық ойында жеңіске жеткен Қытай құрамасы 9 ұпаймен бірінші сатыға шықса, бір ойында ғана қарсыластарын ұтқан Үндістан мен Қазақстан құрамасы және «Henan Tianguan» командасы 3 ұпай жинады. Олар бір-бірінен тек доп айырмасы мен ұпай дәрежесі бойынша ғана 2-4 орындарды өзара бөлісуде.
19:36, 24 Мамыр 2013
«Challenge Cup» халықаралық турнирінің алғашқы айналымында қазақстандық волейболшылар 3-ші орынды қанағат тұтты
АЛМАТЫ. 24 мамыр. ҚазАқпарат - 21-23 мамыр күндері Қытайдың Лохе қаласында волейболдан «Challenge Cup» халықаралық турнирінің бірнші айналымы өтті. 29 мамыр күні аяқталатын бұл жарыстың екінші айналымы енді Лоян қаласында жалғаспақ.