Chanel, Christian Dior сынды әйгілі дизайнерлер Париждегі сән апталығына қатысуда

АСТАНА. қазАқпарат - Кеше, жексенбіде Парижде сән апталығы басталды, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Апталықтың күнтізбесінде Chanel, Christian Dior, Valentino және Schiaparelli сынды дизайнерлердің туындылары көрсетіледі деп жоспарланған.

Француздық Жоғары сән федерациясы, прет-а-порте және сәнгерлер бірлесіп жыл сайын Парижде үш сән апталығын өткізеді. Жоғары сән апталығы (Haute Couture), Прет-а-порте сән аталығы (Pret-a-Porter) және ерлерге арналған сән апталығы (Mode Masculine). Жоғары сән апталығы қаңтар мен шілдеде өткізіледі.