Басылымның мәліметінше, 56 жастағы Эрик Сольберг паранойядан зардап шеккен. Ол өзін үнемі технологиялар арқылы аңдып жүр деп ойлаған, тіпті оны қарт анасы да бақылайды деп сенген. Эрик бұл күмәндерін чат-ботпен бөліскен, ал ChatGPT оның ақыл-есі дұрыс екенін айтып, оның ойларымен келіскен.
Полиция Эрик пен оның анасын 2025 жылғы тамыз айының басында өлі күйінде тапты.
ChatGPT-ті жасаған OpenAI компаниясы марқұмның отбасына көңіл айтты. Ресми мәлімдемеде компания психологиялық қиындықтарға тап болған қолданушылармен чат-боттың диалог жүргізу алгоритмдерін өзгертуге уәде берді.
Бұған дейін АҚШ-та бір жасөспірім ChatGPT-мен өз-өзіне қол жұмсау туралы бірнеше ай сөйлескеннен кейін суицид жасаған. Кейін оның ата-анасы OpenAI мен компанияның бас директоры Сэм Альтманға қарсы сотқа арыз берген.
Искте жасөспірімнің өліміне ChatGPT-мен ұзақ уақыт жүргізілген диалог себеп болғаны айтылған.
OpenAI жасөспірімнің отбасысына да көңіл айтып, ата-аналық бақылау және жаңа қауіпсіздік шараларын енгізетінін мәлімдеген.
Бұған дейін біз ChatGPT-пен жүргізілген хат алмасулардың сотта дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін екенін жазған едік.