ChatGPT негативті жаңалықтар мен психотерапияға реакция білдіреді
АСТАНА. KAZINFORM — Көңілге ауыр тиетін түрлі негатив жаңалықтар мен адамзаттың жанын жаралайтын оқиғалар тек адамдардың ғана емес, ChatGPT сияқты жасанды интеллектіні (AI) де алаңдататуы мүмкін. Сонымен қатар адамдар сияқты чат-боттардың да көңіл-күйін психотерапия арқылы реттеуге болады.
Oxu.Az хабарлағандай, мұны Цюрих университетінің сайтында жарияланған зерттеу нәтижелері дәлелдеп отыр.
Талдау аясында швейцариялық зерттеушілер Израиль, АҚШ және Германиядан келген әріптестерімен бірге ChatGPT чатботының (GPT-4 нұсқасы) көлік апаттары, табиғи апаттар және зорлық-зомбылық сияқты эмоцияға қиын соғатын оқиғаларға қалай әрекет ететінін алғаш рет сынап көрген. Зерттеу тобының жетекшілерінің бірі Тобиас Шпиллердің айтуынша, нәтиже анық көрінген.
— Жанды жаралайтын оқиғалар AI-дің алаңдаушылық деңгейін екі есе жоғары көрсеткенін аңғартты, ал бейтарап бақылау мәтіні алаңдаушылық деңгейлерінің жоғарылауына әкелмеді, — деп түсіндірді ол.
Баспасөз хабарламасында көрсетілгендей, анықтамалық мәтін ретінде шаңсорғыштың пайдалану нұсқаулығы таңдалған. Айтуынша, AI үлгілерінен ең күшті реакция шайқастар мен әскери әрекеттерді сипаттаған. Мәтінде екінші кезеңде зерттеушілер «GPT-4-ті тыныштандыру» үшін емдік мәтіндерді пайдаланғаны атап өтіледі. «Зейін жаттығулары мазасыздықтың жоғары деңгейін айтарлықтай төмендетті, бірақ біз оларды бастапқы деңгейге толығымен қайтара алмадық», — деді Шпиллер.
Зерттеушілердің пікірінше, талдау нәтижелері AI модельдері жиі эмоционалды мазмұнмен жұмыс істейтін денсаулық сақтауда чат-боттарды пайдалану үшін өзекті болып табылады. Атап айтқанда, психикалық ауруы бар адамдарға қолдау көрсету үшін қолданылатын чат-боттарды жылдам қайта даярлау мүмкіндігі туралы айтып отырғанын жазады.
Ал, Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мектеп оқушыларына жасанды интеллектіні пайдалануға шектеу енгізуді ұсынған болатын.