«Альварес мені соққыларымен таңғалдыра алмады. Ол мықты нокаутер емес. Мен оның соққысын сездім, бірақ маған ауыр тимеді. Головкиннің соққысы Канелодан мықты», - деген Чавестің сөзін келтірді allboxing.
19:14, 09 Мамыр 2017
Чавес Головкин Альварестен күштірек екеніне сенімді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Отандасы Сауль Альварестен жеңілген мексикалық боксшы кіші Хулио Сезар Чавес Альварес-Головкин жекпе-жегінде қазақстандық боксшының соққысы қуатты болатынына сенімді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.