Биыл байқау Гран-приінің сыйақы мөлшері $100 мың құрады. Бұл байқау тарихындағы ең үлкен сома.
Байқау статистикасы бойынша 30 мыңнан астам адам тыңдалды. Ал байқау сайтына биыл 10 млн-нан астам адам кірді.
Гала-концертке барлық төрт өнер иелері: лауреат пианистер, скрипкашылар, виолончельшілер және әншілер қатысты.
Петр Ильич Чайковскийдің 175 жылдығында арналған байқау Мәскеу мен Санкт-Петерборда 15 маусымнан 30 маусымға дейін өтті. Оның лауреаттары Еуропа, Азия және Американың 14 елінен келген пианистер, скрипкашылар, виолончельшілер және әншілер болды.