«Фильм досқа адалдық, дін тазалағы туралы. Фильмнің басты кейіпкері өз өмірін қауіпке тіге отырып, досы мен сүйген жарын қорғайды. Кинодан өмірдің қилы соқпағына түскен кейіпкердің барлық қиындықты өзіне адал жандармен бірігіп жеңіп шыққанын көреміз», - дейді фильм режиссері Беслан Терекбаев.
Режиссердің айтуынша, қазіргі уақытта «Чеченфильм» киностудиясы барлық техникалық базамен жабдықталған. Бұл жағынан алғанда киностудия Солтүстік Каваказдағы сапалы туындылар шығара алатын бірден бір компанияға айналып отыр. Сондай-ақ, «Чеченфильм» балама киностудиялардан анағұрлым арзан кино түсіреді. Қазіргі уақытта инвесторлар тарту жұмыстары қолға алынған. Сол үшін шешен кинематографтарының қоры да құрылыпты.