«Алдағы 9 мамырдағы мереке аясында біз чех үкіметімен, ТМД елдері елшіліктерімен бірлесе Прагадағы Ольшан бейітінде гүлдестелер қоямыз. Ол жерде Қазақстанның бес жауынгері жерленген, оның ішінде біреуі Кеңес Одағының Батыры»,-деп тоқталды Елші.
Оның сөзіне қарағанда, жақында Прагадан 300 шақырым жерде, яғни Австриямен шекара жағындағы аумақта қазақстандық жауынгерлердің сүйектері табылғандығы туралы ақпарат түскен.
«Олар біздің өтінішіміз бойынша барлық қажетті ақпаратты жинастырып жатыр. 14 мамырда сол жерге баруды жоспарлап отырмын. Атап айтқанда, сол жердегі естелік шараларына қатысатын боламын. Анықталған деректердің барлығын ҚР Қорғаныс министрлігіне бағыттаймыз. Осы ретте ел азаматтарының сол жердегі туысқандарын, әкелерін, аталарын тауып алуы үшін мүмкіндік жасалады»,-деді С. Әбдікәрімов.