Чехия халқының саны 10,9 миллионға дейін қысқарды

АСТАНА. KAZINFORM - Чехия халқының саны 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында 12,2 мың адамға азайып, маусым айының соңында 10,9 миллион адамды құрады, деп хабарлайды AZERTAC.

Фото: Kazinform/ИИ

Халық санының азаюына негізгі себеп табиғи кему болды. Қайтыс болғандар саны дүниеге келгендер санынан едәуір асып түскен. Бұл ретте көші-қон сальдосы оң көрсеткіш көрсетті.

Жылдың алғашқы алты айында Чехияда 36,5 мың бала дүниеге келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5% аз. Ал қайтыс болғандар саны 1% азайып, 57,6 мың адамды құрады.

Көші-қон өсімі 8,9 мың адам болды. Жарты жыл ішінде елге 53,9 мың адам келген, ал 45 мың адам Чехиядан кеткен. Көшіп келгендердің арасында Украина азаматтары басым болды.

Халық саны азайғанына қарамастан, Чехияда тіркелген некелер саны артты. Бірінші жартыжылдықта 18,5 мың жұп некеге тұрған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 500 жұпқа көп.

Әсіресе маусым айында неке саны жоғары болды. Осы айда 9,5 мың неке тіркелген. Бұл соңғы төрт жылдағы маусым айларындағы ең жоғары көрсеткіш болды.

Осыған дейін Түркия халқы қартайып бара жатқаны туралы жаздық.

Ал Қазақстан халқының саны 1 тамызда 20 604 819 адамға жетті.