Чехия тұрғындарына топан су басу қаупі төніп тұр

МӘСКЕУ. Шілжденің 16-сы. ҚазАқпарат - Чехияны топан су басу қаупі төніп тұр. Бүгін нөсер жаңбырдың салдарынан бірнеше өзен кемерінен асты. Бірнеше жазғы лагерьде демалып жатқан балалар басқа жерге көшірілді. Ондаған ғимараттардың жертөлелері суға кетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап.

Метерологтардың пайымдауынша, Чехияда ертең және бүрсігүні нөсер жаңбыр жауады. Республика аумағының көп бөлігінде су деңгейі көтерілді.