Чехия және Прагадағы дипмиссия лаңкестік оқиғаға байланысты қазақстандықтарға көңіл айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чехия мен Прагадағы дипломатиялық миссиялардың ресми өкілдері Ақтөбедегі лаңкестік актілерге байланысты Қазақстан халқы мен қаза тапқандардың жанұяларына көңіл айтты, деп хабарлады ЧР-дағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметінен.

Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты Прагадағы ҚР Елшілігінде көңіл айту кітабы ашылды. 

Көңіл айту кітабында ЧР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Бас прокурор, Парламент депутаттары, СІМ өкілдері, чехиялық ұйымдардың және Прагада аккредиттелген шетелдік дипмиссиялардың басшылары жазбаларын қалдырды.

Чехиядағы Қазақстан Елшілігі бәріне көңіл айтқандары үшін және осы қайғылы күндері Қазақстанды қолдағандары үшін алғыс айтты.