Оқиға жұма күні болған. Пышақ ұстаған ер адам екі ер адам мен бір әйелге шабуыл жасаған.
– Зардап шеккендер ауыр жарақат алып, екі тікұшақпен ауруханаларға жеткізілді. Полиция күдіктіні ұстады. Оның өзі де жарақат алған, – делінген хабарламада.
Әзірге полиция күдіктінің мұндай әрекетке не себепті барғанын хабарлаған жоқ. Оқиғаға байланысты тергеу басталды.
Материал Kazinform агенттігіне серіктес БЕЛТА агенттігі тарапынан арнайы ұсынылды.
Айта кетейік, Астанада Чехияға жұмысқа орналастырамын деп алдаған күдікті ұсталды.