Чехияда пойыз апатынан кемінде төрт адам қаза тауып, жиырмадан астам адам жарақат алды. Оқиға қаладан жүз шақырым жерде болған.
Хабарланғандай, Прагадан Словакияның Кошице қаласына бет алған жолаушылар пойызы жүк пойызымен соқтығысқан. Бір вагон рельстен шығып кетті. Іздестіру-құтқару жұмыстарына 36 өрт сөндіру бригадасы мен екі тікұшақ жұмылдырылды.
Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді. Олардың кейбірінің жағдайы ауыр.
Чехия премьер-министрі Петр Фиала қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Оқиғаның себептері анықталуда. Бір нұсқасы – машинист қатесі.