Чехияда иттерге арналған жылжымалы мейрамхана ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чехияда Fitmin Pestaurace деп аталатын иттерге арналған жылжымалы мейрамхана ашылды.

Ұсынылатын астардың ішінде пиканттық тауық еті, «Баскервиль» қозы еті, күрішпен қоян еті, картоппен арқан балық бар. Бұған қоса, мәзірде жаңа сойылған мал етінің бес түрі, тұздықтар мен итке арналған қымбат азықтар бар, деп хабарлады Росбалт.

Сондай-ақ адамның төрт аяқты достарына тағамның дәмін тегін татып көру, ал иелеріне алкогольсіз сусындар ұсынылады. Бір жылдай мейрамхана Чехияны аралап жүрмекші.

Бұрын Финляндияда тек иттерге ғана арналған бассейн ашылды деп хабарланған болатын. Ол Вартиохарью ауданында орналасқан, ересек иттерге мен күшіктерге спортпен айналысуға арналған арнайы орталығы жұмыс істейді.