Чехияда коммунизмді насихаттауға тыйым салынды

Фото: Анадолы

АСТАНА. KAZINFORM — Чехия Президенті Петр Павел Қылмыстық кодекске енгізілген түзетуге қол қойды, деп жазады Анадолы.

Ол коммунистік идеологияны насихаттауды нацистік насихатпен бірдей деңгейде қылмыс санайды.

Radio Prague International агенттігінің хабарлауынша, тиісті заңдық түзетуді Петр Павел қол қойып, бекітті.

Жаңартылған заңға сәйкес, нацистік, коммунистік немесе басқа да адам құқықтары мен бостандықтарын бұғаттауға, сондай‑ақ этникалық, ұлттық, діни немесе таптық өшпенділікті қоздыруға бағытталған қозғалыстарды құру, қолдау, насихаттау үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тек нацистік насихат тартылатын болса, енгізілген өзгерістерге сәйкес енді коммунистік насихат та қылмыс болып есептеледі.

Осыдан бұрын Чехияда жаңа мемлекеттік визуалдық стиль бекітілгенін хабарлаған едік.