Чехиялық теледидардың хабарлауынша, белгісіз біреу Угерски брод қаласындағы «Достық» мейрамханасына баса-көктей кіріп, қарумен оқ жаудыра бастаған. Кейіннен оны полиция қызметкерлері ұстады. Оқиға орнына ұлттық полиция басшысы Томаш Тухи, Ішкі істер министрі Милан Хованец келді.
21:21, 24 Ақпан 2015
Чехияда мейрамханада орын алған атыстан тоғыз адам қаза тапты
АСТАНА. Қазақпарат - Чехияда мейрамханада атыс болды. Оқиға салдарынан елдің ІІМ деректері бойынша, он шақты адам көз жұмған, деп жазады РБК.