Социал-демократтар партиясының белсенді мүшесі Хладек өз ұстанымын «Дуэль» атты бағдарлама барысында жайып салды. Оның айтуынша, шариғат шәлісінен туындайтын ешқандай мәселе болмағандықтан да, Білім министрлігі ешқандай ереже де, ешқандай нұсқау да шығармайды.
Бұл тақырып Чехия мектептерінде сомалилік және ауғандық отбасы қыздары шариғат шәлісін жамылғаны үшін мектептен шығарылғанда үлкен дауға айналған болатын. Енді Білім министрлігінің ресми мәлімдемесінен кейін мұсылман қыздары алаңсыз білім алуларына еш бөгет жоқ, деп жазады muslim.kz.