Бұлтуралы«Хоум Кредит Банк» АҚ-ның телефон арқылы жүргізген сауалнамасы кезінде мәлім болып отыр. Қаржы институтының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ата-аналар 10 жастағы балаға айына шамамен 3 мың теңге беруге дайын екен.
Соңғы уақытта Қазақстанда ұсақ шығынға берілетін ақшаға деген көзқарас әлдеқайда жақсарды. Оларды балаларды қаржылық жағынан тәрбиелеудің аса маңызды деп есептейтін ата-аналардың саны өсіп келеді.
Чехиядағы Home Credit a.s. компаниясының сарапшысы Михал Козубтың айтуынша, Чехияда ата-аналардың 88 пайызы ғана балаларға ұсақ шығынға ақша бергілері келеді екен. Бұрын ол бұдан төмен болған. Қазір жағдай өзгерді, өйткені Чехияда мектеп оқушыларына қаржы сауаттылығының негіздері үйретіліп жатыр. Бұл пән біртіндеп мектепте оқыту курсына енгізіліп, балаларды ақшаны дұрыс қолдануға үйретеді. Осыған орай ата-аналар олардан ұсақ ақшаның мәні неде болатынын біледі. Азаматтар бұл ақша балаларға шоколадты сатып алу үшін ғана керек деп ойламайтын болды.
Ал балалардың ұсақ шығындарының орта сомасы айына Қазақстан мен Белоруссияда бірдей. Ал ресейліктерде ол 14 мың теңгені құрайды. «Хоум Кредит Банктің» баспасөз хатшысы Әсел Ахметованың сөзіне қарағанда, сұралған қазақстандықтардың көпшілігі, алғашқы рет ұсақ шығынға ақшаны бала 7 жасқа келгенде беру керек деп есептейді. Әдетте бұл орта мектептің бірінші немесе екінші сынып оқушылары. Олар оқу жолының басында тұрып, ақшасын басқаруға енді үйреніп келеді. Сонымен қатар, көптеген респонденттер чех, словак, ресейлік ата-аналар сияқты ақшаны балаларына он жастан беруге дайын. Бұл жаста балалар ойша жақсы есептей алады. Сондықтан ата-аналарынан алған ақшаны қолдануға да көзқарастары ойлы әрі орынды болып табылады. Олар жай ғана сауда жасамай, «табыстарын» үлестіре алады. «Балаларға үй жұмысын орындағаны үшін ақша беру керек пе?» деген сұраққа, отандастарымыз бір ауыздан «жоқ» деп жауап берген. Ресей, Беларусь, Чехия, Словакия, Вьетнам мен Қытайдағы ата-атаналар да осыған ұқсас пікір білдірген.