Алдын ала мәліметтер бойынша, жерге қону кезінде ұшақтың салонында 23 жолаушы, соның арасында Ресей Қорғаныс Министрлігінің 14 өкілі және чехиялық әскери ведомствосының 9 қызметкері және республиканың Бас штабының баспасөз хатшысы Ян Ружиков болған.
Апатты қону салдарынан ұшақ қираған жоқ, бірақ күрделі зақымдалды. Богемияның Орталық құтқару қызметінің ақпартынша, ТЖ салдарынан 19 адам зардап шекті, соның ішінде екі адам қатты күйіктер алып, тікұшақ арқылы жақын орналасқан ауруханаға жеткізілді. Тағы 17 жолаушыны ауруханаға жедел жәрдем бригадалары алып кетті. Бұл ретте Ресейдің Қорғаныс Министрлігі әуе оқиғасының салдарынан бес ресейлік және бір чехиялық әскердің зардап шеккенін мәлімдейді.
Ресей және Чехия Елшіліктерінің өкілдері құтқарушылардың жұмыс тобымен байланысқа шықты, олар әуе оқиғасының себептерін тергеуге қатысады.