Чехияда сапасыз арақ пен ромның кесірінен төтенше жағдай жарияланды

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - Чехияда сапасыз алкогольдік сусыннан адамдардың жаппай улануынан төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлады «Труд» газеті.

Арзан арақ пен ромға қосылған метанолдан уланған 15 адам көз жұмды, 24-і ауруханаға түсті. Зардап шеккендердің біразы көзінен айрылды, енді бірқатары ессіз-түссіз халде.

Чехия полициясы контрафактілік алкоголь бүкіл елде сатылып жатқанын анықтады. Елдің премьер-министрі Петр Нечас отандастарын «қалай жасалғаны беймәлім алькогольдан» бас тартуға шақырды.