«Брно қаласында (Чехия) өткен қоян-қолтық ұрыс бойынша Еуропа Кубогының ашық чемпионаты 10-нан астам елдің спортшыларын жинады. 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Молдова, Польша және т.б. елдердің спортшыларын жеңіп (7 жеңістен кейін), финалға шықты.
Финалда Қымбат ресейліктен жеңілді», - деп атап өтті ҚАЖ республикалық ведомствосында.
«Еуропа Кубогының чемпионатында екінші орынға ие болу, ҚАЖ қызметкері Қымбат Ахметтің халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындауға жол ашты», - деп қосты ҚАЖ Комитетінде.