және Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Наталья Арынбасарованың қатысуымен «Анаға арналған жұмақ» пен «Жиде. Кеш келген махаббат» атты қазақ фильмдері көпшілікке ұсынылды.
Бұл туралы ҚР-ның Чехиядағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған кинофорумда отандық киноклассикадан басқа, Ресей, Әзірбайджан және Белорус елдері кинематографтарының, танымал режиссерлері мен продюсерлерінің шығармашылығы, сондай-ақ қысқа анимациялық фильмдері көрсетілді.
«Анаға арналған жұмақ» (режиссері Ахтан Арым Құбат) туындысы Орынборда өткен «Шығыс-Батыс» халықаралық кинобайқауының Гран-при жүлдесіне және Висбаденде өткен (Германия) XII халықаралық киновестивалінің «Көркемділік ерекшелігі үшін» аталымы бойынша басты жүлденің бірі - үшінші сыйлыққа ие болды.
Қазақстандық режиссері Сәбит Құрманбековтың «Кеш келген махаббат» атты картинасы Латвия, Литва, Эстония елдерінің 20-шы «Киношок» ашық кино фестивалінің екі наградасын жеңіп алды.
Сонымен қатар, мәдени іс-шара барысында ҚР Елшілігі форум қатысушыларына ұлттық тағамдардан шағын банкет-фуршет ұйымдастырды.
Аталған кинофорум Қазақстанның қазіргі заманғы кинематографиялық өнерін чех кино әуесқойлары мен кәсіпқойларына таныту мүмкіндігіне ие болды.