Италиядан Чехияға бет алған жүк көлігінен кейбір экспонаттар жоғалып кетті. Чехиялық тәртіп сақшылары көлікке белгісіз біреулердің қарақшылық жасағанын растап, тергеу жұмыстары қолға алынғанын алға тартып отыр.
Прагада әртістің көйлектері, аяқ киімдері, суреттері, жазба күнделіктерінен үзінділер, өлеңдері, оның қатысуымен түсірілген танымал туындылар көрсетіледі деп жоспарланған. Бірақ көрмеге арналған сөрелермен қатар басқа да құрал-жабдықтар қолды болып, Монроның түпнұсқалық суреттері ұрланған. Олар тарихи және мәдени жағынан өте құнды.