Чехиялық компания еліміздегі тау-кен өндіру саласына қажетті ауыр техникаларды ұсынуға ниетті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Чехиялық «Skoda Transportation» компаниясы Қазақстанға тау-кен өндіру және металлургия салаларына қажетті ауыр техника ұсынуға ниетті. Бұл туралы Чехияның Премьер-министрі Петр Фиалу мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Skoda» көлік компаниясы тау-кен өндіру, металлургия сияқты салаларға қажетті техника беруге мүдделі. Сондай-ақ, EPA және басқалары сияқты компаниялар бар. Олар кеңес дәуірінен қалған ескі техникалардың орнына озық техникалар мен жүйелерді беруге дайын», - деді Петр Фиалу елордада өтіп жатқан Чех-Қазақстан бизнес-форумында сөйлеген сөзінде.

Ол сондай-ақ чехиялық компаниялар ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты арттыруға әзір екенін мәлімдеді

Қоса кетсек, бұған дейін Чехияның Премьер-минстрі Қазақстан - Чех Республикасының Орталық Азиядағы ең ірі серіктесі екенін мәлімдеп еді.