АСТАНА. ҚазАқпарат - Прагада жеңіл атлет ядроны сәтсіз лақтырып, төрешінің кеудесіне дәл тигізген. Ауыр соққыдан ер адам сол жерде жан тапсырған, деп жазады m.tvzvezda.ru жергілікті Aktualne басылымына сілтемемен.
Төреші Прагада өтіп жатқан сайысқа төрелік етіп жүрген. Кеуде тұсына тиген ауыр соққыдан ол жұмыс орнында тіл тартпай кеткен.
Атлет қисық лақтырған ядроның салмағы 6 келі болған. Ол ядроны жылдамдығын үдетіп барып жіберіп қалғанда оқыстан жақын маңда тұрған төрешіні сұлатып түсірген.
Спорттық жарыста қызмет етіп жүрген медицина қызметкерлері ер адамды аман алып қалу үшін барын салып көмек көрсеткенмен, ажалға араша бола алмады.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.