Чехияның Дукованы АЭС-інде апат болды

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Чехияның Дукованы АЭС-інде апат болды, деп хабарлайды Agence France-Presse.

14 сәуірде Чехияның оңтүстігінде орналасқан Дукованы АЭС-інің төрт энергоблогының бірі жабылды.

Электр стансасының басшылығы хабарлағандай, реакторда ақау пайда болуына орай жабылған. Әкімшіліктің айтуынша, радиоактивті судың ағуы мен атмосфераның зиянды заттармен ластануы болған жоқ.

"Еске сала кетсек, 1 сәуірде желдету жүйесінің істен шығуына байланысты реактордың жұмысы тоқтатылған болатын. Сонымен қатар, Дукованы АЭС-сінің операторы CEZ чехиялық энергетика қауымдастығының мәлімдеуінше, 14 сәуірдегі апат стансаның 1985 жылы іске қосылғаннан бері алғашқысы болып саналады", - деп жазады Lenta.ru.