Оқыс оқиға дүйсенбі күні кешқұрым болған. Мотоциклші аздап жарақаттанған. Екеуі де ішімдік ішпеген. Апаттан келген шығын 2 мың доллар шамасында.
Чехия жол полициясының баспасөз хатшысы Яна Чижковскидің хабарлауынша, жол апатына жол қиылысында мотоциклді өткізбеген автомобиль жүргізушісі кінәлі. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Павел Белобрадек болса сейсенбідегі жұмыс күнін Чехия парламенті палатасында өткізген.
Бір қызығы, бұл оның қатысуымен болған бірінші жол-көлік оқиғасы емес. 2012 жылы П. Белобрадек Прагада тапа-тал түсте колоннаға соғылған. Вице-премьер өзінің ұмытшақтық дертіне шалдыққанын да жасырмайды. Бірақ дәрігерлердің қарауымен сырқатынан жазылған.
2014 жылы қаңтарда вице-премьерлік лауазымын иеленген Павел Белобрадек «Христиан-демократиялық одағы» партиясының көшбасшысы, деп хабарлайды Утро. ру.