Чехтар ұшатын велосипед ойлап шығарды

АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Чех инженерлері өздерінің жаңа өнертабыстары - ұшатын электр велосипедінің тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды vesti.ru

Чехиядағы Duratec Bicycles компаниясында істейтін инженерлер тобы Прагада өз қол тумаларымен таныстырды. Олар ұшуға қабілетті электр велосипедін ойлап шығарған.

Қауіпсіздік үшін рульге қуыршақ отырғызылды. Қашықтықтан басқарылатын құрылғы ауада шамамен 5 минут қалқып тұрды. Велосипедке 6 қалақ орнатылған. Алды мен артында екі-екіден және жанында бір-бірден қойылған. Велосипедті ұшыруға адамның күші жетпейді, сондықтан чех конструкторлары өз құрылғыларын электр қозғалтқыштарымен жабдықтаған. Бірақ, өкінішке орай, бұл құрылғыны одан сайын ауырлата түскен. Оның үстіне, аккумулятор қуаты да көпке шыдамайды, яғни велосипед ұзақ әуе сапарына жарамсыз. Алайда, өнертапқыштардың өздерінің пайымдауынша, батареялардың қуат сыйымдылығы әр он жыл сайын екі еселеніп отырады, сондықтан жақын болашақта велосипедтің ұшу ұзақтығы көбеюі әбден мүмкін.

Чех инженерлері ұшатын велосипедті автокөлік пен мотоциклдердің орнына қолдануды ұсынады.