Бұл туралы Tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында құқық қорғаушы Василий Резван мәлім етті.
Құқық қорғаушының сөзіне қарағанда, тергеу Челахқа туыстарымен кездесуге рұқсат бермеуде. «Влад күйзеліс алдында, ол өте агрессивті болып кетті. Ол өзін «оқшаулап» алды және анасымен көріспейінше ешкіммен сөйлескісі келмейді. Егер тергеу оған көрісуге бұдан әрі де рұқсат бермейтін болса, ол алдағы уақытта тіпті өзінің қорғаушысымен де сөйлеспей қоюы мүмкіндігін айтты», - дейді ол.
Онымен бірге Резван, Челахтың қорғаушылары «Сары-Бөктер» заставасының бастығы Алексей Фоминмен көзбе-көз беттестіруді сұрап отырғанын жеткізді. Адвокаттардың пікірінше, ол шекара бекетінде болған төтенше жағдай туралы толық ақпаратқа ие. «Арқанкергеннің» шекарашылары екі күн бойы байланысқа шықпағандығы туралы екі күн бойы жасырып келген Фоминнің шарасыз отыруы құқық қорғаушыларда күдік тудырды. Еске салайық, «Сары-Бөктер» заставасының бастығы 2012 жылдың маусымында тұтқынға алынған болатын. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.