Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Психиатрия, психотерапия және наркология республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Сағат Алтынбеков мәлім етті.
С.Алтынбековтың мәлім етуінше, сарапшылар қосымша құжаттарды талап еткен және олар 17 шілде күні ғана келген. «Біздің мамандар өзге де құжаттармен танысқысы келеді. Барлығы жоспар бойынша жүруде және мерзімді ұзарту тек құжаттардың кешіктірілуімен байланысты», - деп атап өтті Алтынбеков.
Алтынбеков Челах орталықтан келесі аптаның соңында шығарылып қалуы мүмкін дегенді айтты. «10 күн - бұл кесімді, бұдан артық ұзартылмайды», деп нақтылады ол. Қазір сараптама кезінде оған туысқандардың ешбірі жіберілмейді.
Еске салайық, «Арқанкерген» шекара бекетінде әскери қыметкерлердің өліміне күдікті Владислав Челах 19 маусымнан бастап Алматыда психиатриялық тексерістен өтуде. Стационарлық тексерулердің мерзімі 30 күнді құрайды.