«Челси» футболдан Англия чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондық «Челси» командасы «Вест Бромович» командасын жеңіп, Англия 2016/2017 премьер-лигасының чемпионы атанды.

Чемпионаттың 37-ші туры аясындағы кездесу мамырдың 12-і күні кешкісін өтіп, 1:0 есебімен лондондықтардың пайдасына шешілді. Ойынның 82-ші минутында Миши Батшуайи жалғыз ғана доптың авторы атанды.

«Челси» запаста бір ойыны бар және екінші орында келе жатқан «Тоттенхэмнен» 10 ұпайға алдыға шықты. Осылайша, «аристократтар» командасы өздерінің бәсекелестерінен айтарлықтай алшақтап кетті.

Бұл титул лондондықтар үшін Антонио Контенің басшылығымен жеңіп алған алғашқы титул болып отыр. Ол команданы 2016 жылы жатттықтыра бастаған болатын. Клуб өзінің тарихында Англия чемпионатын 6 рет жеңіп алды.