Басылымның хабарламасына қарағанда, итальяндық жылына 4,5 миллион еуро еңбекақымен төртжылдық келісім-шартқа қол қоюға келісті. Маманның «Ювентуспен» қолданыстағы келісімі 2017 жылғы маусымға дейін есептелген, осыған байланысты туриндік клубқа «Челси» айып төлеуге мәжбүр болады.
«Челси» қожайыны Роман Абрамович Аллегридің кандидатурасына тоқтады, бұған дейін лондондықтар Хосеп Гвардиоламен келіссөз жүргізген болатын, бірақ ол «Мансчестер Ситиді» басқаруға ұйғарды.
Қазіргі кезде «Челсидің» жаттықтырушысы голландтық Гус Хиддинк. Уағдаластық бойынша ол маусымның соңына дейін қалады. 17 желтоқсанда португалдық Жозе Моуриньо көкшілдермен келісім-шартты екі тараптың келісімімен үзді. Оның кетуі клуб нәтижелерінің қанағаттанғысыз болуынан еді.
Ағылшын премьер-лигасының 24 турынан кейін «Челси» 29 ұпаймен 13-ші орында тұр, оның есебінде сегізматчтық ұтылыссыз серия бар, деп жазады Лента.ру.
48 жастағы Аллегри «Ювентусты» 2014 жылғы шілдеден бері басқарып келеді. Жыл өткеннен кейін ол клубты Италия чемпионатындағы жеңіске жеткізді, сондай-ақ Чемпиондар лигасының финалына шығарды.