«Челси» Хиддинктің бас жаттықтырушы болып тағайындалғанын жария етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Голландтық маман Гус Хиддинк ағылшындық «Челсидің» бас жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды. Ол бұл міндетті маусым аяқталғанша атқарады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

«Қожайындар мен директорлар кеңесі үлкен тәжірибесі бар және жоғары табыстарға жеткен жаттықтырушының келуін құптайды. Ол бұдан бұрын 2009 жылы біздің клубымызда болған кезінде біз Англия кубогын жеңіп алған едік. Абрамович мырза мен директорлар кеңесі Гус біздің талантты командамызды жеңіске бастайтынына сенеді», - делінген клубтың мәлімдемесінде.

69 жастағы маманның өзі «Стэмфорд Бриджге» оралуына орай өз қуанышымен бөлісті. «Челси» әлемдегі ірі клубтардың бірі, қазіргі кезде өз мүмкіндігінен анағұрлым төмен тұрса да, біз осы маусымда бұл жағдайды түзетеміз деп ойлаймын», - деп атап өтті Хиддинк.

17 желтоқсанда клуб Жозе Моуриньюмен келісім-шартты үзетінін хабарлады. 52 жастағы португалдықтың басқаруында олар өткен жылы Англия чемпионы болды. Биылғы чемпионаттың 16 турынан кейін лондондықтар премьер-лига турнирі кестесінде 16 орында, шығып қалудың аз-ақ алдында тұр, деп жазады Лента.ру.