«Челси» — клубтар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Челси» (Англия) командалары кездесті.
Ойынның алғашқы минутынан англиялық команда тізгінді қолға алуға тырысты. Жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеген олар бірінші кезеңде қарсылас қақпасын үш мәрте дәл көздеді.
Алдымен Коул Палмер 22-минутта есеп ашса, ол 30-минутта тағы бір мәрте мергендік танытты. Ойынның 43-минутында оның шығарған пасын әріптесі Жоао Педро тиімді пайдаланып, басымдықты арттыра түсті.
Осылайша англиялық клуб қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, клубтар арасындағы әлем чемпионатында бас жүлдеге қол жеткізді.
Opta суперкомпьютері 2025 жылғы әлем чемпионатында қай команданың жеңімпаз атануы жөнінде болжам жасады.
Қатысушылардың турнирде жеңіске жету мүмкіндігін нақты есептеуді қалыптастыру үшін Opta 10 мың деректі орындауға мәжбүр болды. Аталған болжамға сәйкес чемпионаттың басты фавориті ретінде Францияның «Пари Сен-Жермен» командасының мүмкіндігі 18,5 пайызға бағаланды.
Ал «Челси» командасының мүмкіндігі — 8,4 пайызды шамалаған еді.
Әлем чемпионатының жүлде қоры — 1 миллиард АҚШ доллары. Аталған турнирде чемпион болған команда 125 миллионды иеленеді. Қалған қаражатты қатысушы 31 клуб алған орындарына байланысты бөліседі. Доп додасында 32 команда сынға түсті.