« ЭКСПО қарсаңында еуропалық деңгейдегі беделді команданы күтудеміз (...) Менің білуімше, «Челси» және «Милан» командаларымен келіссөздер жүріп жатыр. Осы екі клубтың біреуі келеді. Барлығының (командалар - ред.) талабы бір - лайықты алаңның болуы», - деп хабарлады Астанадағы баспасөз мәслихатында дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев.
Сол себепті, оның айтуынша, «Астана Арена» стадионына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Біз алаңды қайта төсеп шығамыз және 1 мамыр күні жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз», - деп толықтырды ол.