Хабарламада «Өзбекстан құрамасын әлем чемпионатына шығаруға көмектесе аламын. Егер Өзбекстан тарапынан ұсыныс келіп жатса, оны қарастыруға әзірмін», - деген Гранттың сөзі келтірілген.
«Өзбекстанда дарынды футболшылар көп, бірақ ол жеткіліксіз. Олармен жақсы жұмыс жасап, дұрыс жолға бағыттау қажет. Сонда ғана ойдағыдай нәтижеге қол жеткізуге болады», - дейді израильдық маман.
Грант Израильдің Хапоэль" және "Маккаби" клубтарында, сондай-ақ ағылшындық "Челси", "Портсмуте", "Вест Хэме", сербиялық "Партизане" мен Израиль құрамасында бапкер болып жұмыс істеген.