Челябі облысындағы шекара бекетінде Тәжікстан азаматтары төбелесті
15:32, 10 Сәуір 2026
АСТАНА. KAZINFORM — Ресейдің Челябі облысындағы шекара бекетінде Тәжікстан азаматтары арасында төбелес болды.
Оқиға 10 сәуір күні таңғы сағат 09:00 шамасында Троицк ауданындағы «Бугристый» өткізу пунктінде болған.
Дереккөздеріміздің мәліметінше, келеңсіз жағдай шекарадан өту кезінде кезекке байланысты туындаған. Қазақстан азаматтары бұл оқиғаға қатысқан жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Үндістанда армия офицері әуежай қызметкерлерімен жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқан еді.