Челябі облысының бес тұрғыны доңыз тұмауына ұшырады

МӘСКЕУ. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат - Челябі облысында тағы үш адамның А (H1N1) тұмауына ұшырағаны тіркелді, сөйтіп бұл індетке тап болғандары саны бес адамды құрады,

деп хабарлайды РБК агенттігі. Ресей тұтынуды қадағалау қызметінің Челябі облысы бойынша өкілдігінің хабарлауынша, барлық диагноздар зертхана арқылы қуатталды.

Бұдан бұрын Троицк мен Челябі қалаларының тұрғындарынан вирустің осы түрі анықталған болатын, қазір Лондон колледжінің студентінен, сондай-ақ Түркиядан оралған әйелден осы аурудің белгілері байқалып отыр. Бұдан басқа шілденің 28-і күні Челябіде   А (H1N1) тұмауымен ауырған адамға дәрігерлік көмек көрсеткен жедел жәрдем қызметкері де доңыз тұмауын жұқтырған.

Ресейде А (H1N1) тұмауына ұшыраған 55 оқиға ресми қуатталды. Ресейдің бас  санитарлық дәрігері Геннадий Онищенко ел азаматтары шетелден демалыстан оралғаннан кейін тұмаудың бұл түрімен ауырғандар саны көбеюі мүмкін деп пайымдайды.

Дүиежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі күнге дейін әлемде 184 мың 435 адамның тұмаудың осы түрін жұқтырғаны зертханалық тексеру барысында ресми қуатталған. Оның 1 мың 247-сі көз жұмған.

Еуропарламенттің денсаулық сақтау жөніндегі комитетінің болжамы бойынша, күзге қарай A (H1N1) тұмауына ұшырағандар қатары бір миллион адамнан асуы мүмкін.