Челябі облысының тұрғыны жертөле қазып жатып, мамонттың 100 келілік азуын тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Челябі облысы Ключевка ауылының тұрғыны ауыл мұражайына мамонттың азуын тапсырды, мұны ол гараж астындағы жертөлені қазып жатқанда тапты, деп хабарлады 'Интерфакс' Сосновка ауданының тарихи-өлкетану мұражайының директоры Альбина Ванюковаға сілтеме жасап.

"Жергілікті тұрғын алдында азуды құбыр не тас деп ойлап қалған. Алайда кейін мұны көне зат екенін байқап, дереу археологтарды шақырған. Бұл мамонттың азуы болып шықты", - деді ол.

Ұзындығы шамамен екі метрлік азудың салмағы 100 кг. Мамонттың азуын екі тәулік бойы қазып, шығарған, деді Ванюкова.