Челябі спортшысы Э. Нығматуллин екі қабатты үйді орнынан жылжытты

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Челябинскіде пауэрлифтинг бойынша спорт шебері Эльбрус Нығматуллин екі қабатты үйді орнынан жылжытқан әлемдегі бірінші адам атанды.

Бөренеден жасалған көрмелік үй үлгісі іргетасынан түсіріліп, темір жол рельсіне қойылды. Нығматуллин 30 тонна конструкцияны арқанмен сүйреп, екі метрге дейін жылжытты, деп хабарлады Росбалт.