Челябіде Қазақстаннан барған жүк көлігі көпірдің ернеуіне ілініп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Челябіде Қазақстаннан барған жүк көлігі көпірдің ернеуіне ілініп қалды. Оқиға 18 шілде күні орын алды. Қазақстанның мемлекеттің нөмірі бар жүк көлігі Қытайдан киім тасымалдаған.

М-5 тас жолында, Катав-Ивановск елді мекені маңында жүк көлігі кенет көпірдің жиегіндегі қоршауға соғылған.

Жүк көлігінің жүргізушісін жедел жәрдем Катав-Ивановск ауруханасына алып кеткен, ол жарақат алған көрінеді.

Полицейлер оқиғаның мән-жайымен танысып жатыр, деп жазады «КП Челябинск».